Көксу орталық аудандық ауруханасында балалар жылы аясында ерекше шара өтті. Аурухананың 10 шақты қызметкерінің баласы мектепке қажетті жабдықтармен қамтылды. Көпбалалы, жалғыз басты аналардың оқушы балаларына сөмке мен оқуға керекті құралдар табысталды.
Игі бастамаға аудандық кәсіподақ ұйымы демеушілік танытты. Қолдау танытқан қор мен аурухана ұжымы бүлдіршіндерге жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
" Ұрпақ тәрбиесі - болашақ тірегі" атты шара аясында балақайлар асфальтқа сурет салды. Көтеріңкі көңіл-күймен олар түрлі-түсті бормен, қиялындағы бейнелерді бейнеледі. Қатысушылардың барлығына сый-сияпат табыс етілді. Ата-аналар жаңа оқу жылына балаларын дайындауға көмектескен ұйымдастырушыларға алғысын айтып, тарқасты.
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/857-rpa-t-rbiesi-bolasha-tiregi.html#sigFreeIdb868241f96