Көксу ауданында мемлекеттік мереке қарсаңында салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі Мәрлен Көлбаев аумақтың дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар табыстады. Олардың қатарында Көксу аудандық орталық ауруханасының бірқатар қызметкерлері бар.
Руслан Тенезбаев - хирург. 20 жыл тәжірибесі бар. Қазір Көксу аудандық орталық ауруханасы директорының орынбасары. "Денсаулық сақтау саласының үздігі" медалі берілді.
РайханТлеубердинова - кардиолог. 35 жыл тәжірибесі бар. "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін"
медалі берілді.
Дана Суранчина - Көксу аудандық ауруханасының әдіскері. 20 жыл тәжірибесі бар. "Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін" медалі табысталды.
Асқар Ахметов - фельдшер. Жедел жәрдемде 35 жыл тәжірибесі бар. Көксу ауданы әкімінің
"Құрмет грамотасына" ие болды.
Сонымен қатар, аудандық аурухананың заңгері Салтанат Нұржігітова ҚР медицина қызметкерлері орталық аппаратының кәсіподақ ұйымының грамотасымен марапатталды.
Көксу аудандық орталық ауруханасының ұжымы марапатталған әріптестерін шын жүректен құттықтайды!
View the embedded image gallery online at:
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/879-respublika-k-nine-oraj-rmet-k-rsetildi.html#sigFreeIdfc3137dfd6
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/879-respublika-k-nine-oraj-rmet-k-rsetildi.html#sigFreeIdfc3137dfd6