Сіздерді профилактикалық медициналық тексеруден өтуден шақырамыз!

Көксу ауданындағы 27 ауыл тұрғындары аудандық емханада медициналық тексеруден тегін өте алады. Олардың санатына 18-ден 70 жасқа дейінгілер кіреді. Мақсаты – қатерлі ауруларды ерте анықтап, оның алдын алу.

Сондай-ақ, ауданда жылжымалы медициналық кешен ауылдарды аралап жүр. Қазір Көксу аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері Зылиха Тамшыбаева елді-мекенінде қабылдау жүргізуде. Бүгінгі күнге дейін аудандағы 2 ауылда 2500-ға жуық адам медициналық кешенде тексеруден өткен.