Көксу аудандық орталық ауруханасының директоры Жаннұр Мәуленұлы аумақтағы Алғабас, Айнабұлақ, Мұқыры ауылдық округтеріне қарасты Алғабас, Қызылтоған, Айнабұлақ, Мұқыры елді-мекен тұрғындарымен кездесу өткізді. Олармен медицина саласына қатысты мәселелерін талқылап, көкейтесті сауалдарына жауап берді. Айта кетейік, бұл шара ҚР Президенті «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта мұндай кездесу аудандағы 10 ауылдық округтегі ауылдарда өткізу жоспарланып отыр.
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/888-audanny-bas-d-rigeri-t-r-yndarymen-kezdesu-jymdastyruda.html#sigFreeId5a8485ec87