Дәрігерлер медициналық тексеру кезінде
1000-ға жуық науқасты анықтады. Бұл туралы бүгін "Jetisu media" ақпараттық алаңында өткен брифингте мәлім болды.
Баспасөз жиынына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Жүнісова, Көксу аудандық орталық ауруханасы директорының сапа жөніндегі орынбасары Алмас Еркінұлы және Ескелді аудандық орталық ауруханасы директорының сапа жөніндегі орынбасары Анастасия Бормотова қатысып, атқарылған жұмыстарды баяндады.
Алмас Еркінұлының ақпарына сәйкес, Көксу ауданындағы аталған скринингтік тексеріс қазан айынан басталды. Осы жылдың аяғына дейін жоспар құрылып, бүгінгі күнде
*18-29 жас аралығындағы жоспарланған 2186 тұрғынның - 1726-сы, яғни 79%-ы тексерістен өтіп, оның ішінде 4 науқас анықталып, 2 деңгейлік тексеріске жіберілді.
*18-70 жас аралығындағы жоспарланған 5196 тұрғынның -4057, яғни 78 %-ы тексеріліп, оның ішінде 236 тұрғын тексерістің 2 деңгейіне жіберілді
*50-70 жас аралығындағы жоспарланған 1817 тұрғынның -439, яғни 24,1 %-ы тексеріліп, 4 науқас 2 кезеңге жіберілді.
*40-70 жас аралығындағы жоспарланған 306 әйелдің 201, яғни 65,6%-ы тексерістен өтіп, 8 науқас екінші кезеңге өтті.
Барлық анықталған науқастар екінші кезеңнен өтіп диспансерлік есепке алынып,сауықтырылады.
Айта кетейік, аудандағы ауыл халқына бұл шараның маңыздылығын түсіндіру мақсатында ауданның бас дәрігері Жаннұр Мәуленұлы тұрғындармен кездесу өткізіп, жергілікті халықтың көкейтесті сауалдарына жауап беруде.
Сондай-ақ ауданда медициналық қызметтің қолжетімді болуы үшін
жылжымалы медициналық кешен кестеге сәйкес жұмыс істеп жатқанын еске саламыз.