Көксу ауданына іссапармен ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров келді. Ол Ақшатоған ауылындағы құрылысы аяқталған фельдшерлік-акушерлік пунктіне барды.
Аталған елді-мекен "Ауылым - ел бесігі" жобасын жүзеге асыруда үлгілі елді-мекендер қатарында. Мұнда жолдарды жөндеу, сумен қамтамасыз ету және жарықтандырумен қатар ауысымына 20 адам қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталды. Жобаның құны 142,3 млн теңгені құрайды. Екі ай ішінде Көксу ауданында тар профильді 14 маман жұмысқа қабылданды. Сондай-ақ аудандық аурухананың материалдық-техникалық жабдықталуы КТ аппаратымен толықтандырылады деп күтілуде.
@koksu_crb
@akimat_koksu
@zhetysu_oblzdrav
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/914-auylym-el-besigi.html#sigFreeId3774d7531b