ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов және ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтағазиев Жетісу облысына іссапары барысында Көксу ауданындағы Ақшатоған ауылына барды. Олар елді-мекендегі биыл ашылған фельдшерлік-акушерлік пунктіне табан тіреді. Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров мәліметінше, аталған  медициналық нысан қаңтарда қолданысқа берілген.

Жалпы, Ақшатоған ауылындағы ФАП заман талабына сай жабдықталған - дейді, Көксу аудандық орталық ауруханасының директоры Жаннұр Мәуленұлы. Мұнда халықтың алғашқы медициналық көмекке жүгінуіне бар жағдай жасалды. Мәселен,  фельдшерлік-акушерлік пунктте құралдарды зарарсыздандыруға, анализдерді жинауға және пациенттерді вакцинациялауға арналған барлық қажетті жабдықтар бар.

Айта кетейік,  денсаулық сақтау ғимаратында мамандар күніне  20 адамды қабылдай алады.