✅ Көксу ауданында жыл басынан жылжымалы медициналық кешен арқылы 2658 адам тексерістен өтті. Нәтижесінде 24 науқас анықталды. Бір адам қант диабетімен, қан тамыр аурулары - 3, 20 азаматтан басқа да аурулар тіркелді. Анықталған науқастардың 4-і тіркелуге алынды.

✅ Жылжымалы медициналық кешкен диагностикалық аппараттармен, яғни рентген, УДЗ, тіс емдейтін электрокардиограф, көздің қысымын өлшейтін, әйелдер қарайтын кресло және зертханалық жабдықтарымен қамтылған. Шалғай елді мекендердің тұрғындарына қажетті мамандар мүмкіншілікке қарай барып көмек көрсетеді. Қатарында: Терапевт, Дәрігер-гинеколог, Хирург, Кардиолог, Онколог, Дәрігер - стоматолог, Ультра дыбыстық зерттеу дәрігері, Лаборант және медбике.

✅ Жылжымалы медициналық кешен шалғайда орналасқан тұрғындардың көп бөлігін қамтуға және көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Ауруларды ерте анықтап, оларды ауқымды емдеп, жалпы халықтың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді. Шалғай елді мекен тұрғындарына УДЗ, флюорография, ЭКГ, зертханалық зерттеулер сияқты тексерулерді тұратын жеріңізден шықпай-ақ жасауға болады.

✅ Айта кетейік ауданда 25 елді мекен бар. Яғни орталық аудандық ауруханадан бөлек 9 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік-акушерлік және 10медициналық пунктербар.

#көксуаудандықорталықауруханасы #жылжымалымедициналықкешен