Көксу ауданында медбикелер арасында байқау өтті. Оған ауданның әр ауылынан 13 қызметкер ниет білдіріп, бақтарын сынады. Байқау шарты бойынша олар өздерін таныстырып, білімдерін теория мен тәжіржибеде көрсетті. Сонымен қатар өнерлерін ортаға салып, ән мен биден шашу шашты.
Қатысулар арасынан оза шапқан балалар бөлімінің медбикесі НАЗЕРКЕ ҚОЙШЫБЕК. Бас жүлдеге ие болды.
Ал бірінші орынды жан сақтау бөлімі мен қабылдау бөлімінен қатысқан ЛӘЗЗАТ СӘРСЕМБАЕВА мен МӘРИЯХАН НҰРБОЛАТҚЫЗЫ бөлісті.
Екінші орынға ӘЛИМА ЖОЛДЫБАЛИНА және АЙЖАМАЛ МҰХАМБЕТҚАЛИЕВА тұрақтады.
Үздік үштікті Мұқыры дәрігерлік амбулаторияның медбикесі АЙГҮЛ КЕДІРБАЕВА мен хирургия бөлімінен ДИАНА ВАЛЬТЕР қортындылады.
Айта кетейік мұндай шараны жыл сайын ұйымдастыру жоспарда.
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/982-k-ksu-audanyny-zdik-medbikesi-any-taldy.html#sigFreeId2e8386617f