📝Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша 2005 жылдан бері жыл сайын өткізіледі. Биыл бұл апталық сәуір айының 23-29 аралығында «Кең ауқымды толықтыра иммундау!» ұранымен жүргізіледі.

Апталықты өткізудегі басты мақсат – халықты вакциналардың тиімділігі, қауіпсіздігі туралы хабардар ету, иммундауға оң көзқарасты қалыптастыру, тиісті контингентті екпелермен қамту және пандемия тудырған олқылықтардың орнын толтыру.
Нақты айтқанда, пандемия кезінде жарияланған локдаун Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлы екпелерді уақытылы жүргізуге өз кедергісін келтіріп, вакцинациялау көрсеткіштерін күрт төмендетіп жіберген еді. ДДСҰ мәліметінше, бұл өз кезегінде әлем бойынша қызылша ауруының өршуіне алып келді.

Сондықтан көксулық ақхалаттылар аудан тұрғындарына Ұлттық егу күнтізбесінің кестесін таратып, екпе туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.