Мерекеге орай Көксу ауданының бүлдіршіндері қуанышқа бөленді. Аудандық орталық ауруханада балаларға арналған арнайы ойын алаңы ашылып, бүлдіршіндерді мерекесімен құттықтады. Көксу аудандық орталық ауруханасында алғаш рет бүлдіршіндерге арналған алаң қолданысқа берілді. Мұнда балаларға арналып әткеншектер, сырғанақ, түрлі ойын құрылғылары орнатылған. Барлығы заманауи талаптарға сай. Аудандағы 4 учаскелік балалар кеңесі бөлімінде 2670 бала есепте тұр. Оларға 6 білікті дәрігер ем-домын жүргізеді. Мұнда жаңа туған нәрестеден бастап 14 жасқа дейінге балалар медициналық көмек алады. Аурухана ұжымы айтулы күні бүлдіршіндерге тәттілер мен ойыншықтар таратты. Көксу аудандық орталық ауруханасында бүгінде 77 кәсіби маман мен 320 орта буынды қызметкер жұмыс істейді. Айта кетейік, ойын алаңының ашылуына аурухана басшылығы ұйытқы болды
View the embedded image gallery online at:
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/992-uansa-bala-uansyn.html#sigFreeId842bff069b
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/992-uansa-bala-uansyn.html#sigFreeId842bff069b