Көксу аудандық орталық ауруханасында 29 қыркүйек күні Халықаралық «Қарттар күні» арналған іс-шаралар.
2017жылы қазан айының 5 жұлдызында аудандық емханада арнайы бөлме бөлініп, «Қарттар күніне» арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты ашық есік күнін ұйымдастырылды. Шара барысында емханаға келген қарттарға жалпы тәжірибе дәрігері және бейінді мамандар (эндокринолог, көз дәрігері, оторинолоринголог, невропатолог, онколог, хирург) қабылдау жасап, қарттарды мерекелерімен құттықтап, денсаулықтарына байланысты ұсыныстар беріп, ем тағайындады.
Сонымен қатар, аудандық орталық ауруханада қызмет атқарып зейнеткерлікке шыққан қарттарымызды аудандық аурухана басшылығы мен Кәсіподақ ұйымы қарттарды төл мерекелерімен құттықтап, мейрамханаға шақырып , дастархан жайылды.
Өз кезегінде қарттар медицина қызметкерлеріне алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдірді.
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/119-k-ksu-audandy-ortaly-aurukhanasyny-arttar-k-nine-arnal-an-is-sharalary.html#sigFreeId2da74fe2aa