6 қазан күні «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық Кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиялының ұйымдастыруымен «Бүкіләлемдік күн – лайықты еңбекке» атты облыстық отбасылар спартакиадасы өтті. Аталған Спартакиадаға Көксу аудандық орталық ауруханасы атынан Нұрахунов Жасұлан Қадірханұлы, Нұрғали Жадыра Өмірсерікқызы, Сәндібек Айзере Жасұланқызы құрамындағы «Көксу» тобы қатысып, жүлделі I орынды жеңіп алды.