Онкологиялық аурулардың алдын алуда уақытында  скринингтік тексеруден өту және дәрігерлердің онкологиялық ауруларды ерте анықтауда қырағылық көрсетудің маңызы зор.
Осы мақсатта  қазан айының 16-ы күні Көксу аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен, Талдықорған қаласы Облыстық онкологиялық диспансер мамандарымен ( онколог, хирург, маммолог, уролог) Мамбет ауылдық дәрігерлік амбулаториясында  ашық есік күні өтті. Шара барысында облыстық мамандар ауыл тұрғындарын тексеріп қарап, қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша ұсыныс, кеңестерін берді. Аталған шарада 45 адам қамтылды.