Аудандық орталық ауруханасына жұмыс сапарымен Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов келді. Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде атап өткен тапсырмаларын халыққа түсіндіру мақсатында аудандық емхана жұмысы да назардан тыс қалмады.


Себебі, Елбасының көтерген негізгі мәселелерінің ішінде - денсаулық саласы басты бақылауға алынған. Емханадағы озық технологиялармен жабдықталған кабинеттерді аралап, жұмыс сапасына оң бағаларын берді.