Көксу аудандық ауруханасына Алматы облысының фтизиопульмонология орталығының зертхана меңгерушісі Күсемісова Мая Шерімбетовна келді. Аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесті. Туберкулез кабинетінің мамандарымен құрт ауруын ерте кезеңде анықтау, науқастарға алғашқы көмек көрсетіп, дұрыс бағыт-бағдар көрсетуін талқылады. Ол үшін тұрғындармен кездесу өткізіп, жылына бір рет флюрографиялық тексеруден өту маңыздылығын насихаттау керектігі айтылды. Білікті дәрігер тәжірибесімен бөлісті. Айтуынша, қазір Қазақстан туберкулезбен нәтижелі  күресуде алдыңғы қатарда.  Мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінгі таңда 2 сағаттың ішінде ауруды анықтаудың жаңа әдісі енгізілген. Жиында қауіпті дертті ерте анықтап қана қоймай, оны емдеудің де түрлі әдістерімен бөлісті.