Бүгін Көксу ауданының әкімі Мәрлен Көлбаев тұмауға қарсы екпе алды. Ол аудандық орталық ауруханаға барып, алдымен дәрігер тексеруінен өтті. Тиісті ақпараттарды алып, жіті респираторлық инфекцияға қарсы вакцина алды. Сондай-ақ, бұл шарадан аудан әкімінің орынбасары мен бірқатар мемлекеттік қызметкерлер де назардан тыс қалмады. Олар да тұмаудан сақтану мақсатында екпе салдырды.
Айта кетейік, 3 қазаннан бастап, елімізде "Тұмауға қарсы екпе ал!" акциясы басталған. Биыл Көксу орталық аудандық ауруханасына "Гриппол+"-тің 4000 дозасы әкелінген. Бүгінгі күні аудан бойынша 1981 тұрғын алып, иммунитеттерін жасанды жолмен күшейтті. Жалпы, бұл акция қараша айына дейін жалғаспақ.
View the embedded image gallery online at:
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/878-audan-kimi-t-mau-a-arsy-ekpe-aldy.html#sigFreeId01427e1a1f
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/878-audan-kimi-t-mau-a-arsy-ekpe-aldy.html#sigFreeId01427e1a1f