Франциядан келген онколог дәрігерлер Көксу аудандық орталық ауруханасындағы халықтың скринингтен өту жүйесімен танысты. 40 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсететін денсаулық сақтау мекемесінің тұрғындарды қабылдау, медициналық тексеруден өткізу жұмыстарын көрді. Жалпы, аудандық ауруханада скринингттен өтуге бар жағдай жасалған. Онколог дәрігер жұмыс істейді. Сондай-ақ, мекеме заманға сай жабдықталған. Қажетті медициналық құралдармен қамтылған.
Жұмыс жүйесі де талап үдесіне сай жүргізілуде.
Айта кетейік, Көксу ауданында былтыр 6314 тұрғын скринингттік тексеруден өткен. Нәтижесінде 13 азаматтың қатерлі дертке шалдыққаны анықталды. Қазір олар тиісті ем - дом қабылдап жатыр.
Көксу аудандық орталық ауруханасының директоры Жаннұр Мәуленұлының айтуынша, Франциядан келген ақ халаттылармен тәжірибе алмасу маңызды. Бұл аудандық дәрігерлердің біліктілігін арттыруға септеседі.
https://koksu-bolnica.kz/kz/zhanaly-tar/926-frantsiyany-onkologtary-issaparmen-k-ksu-audandy-ortaly-aurukhanasyna-keldi.html#sigFreeIdedd0089c79