Бүгін осы тақырып төңірегінде Көксу ауданы, Лабасы ауылдық округі, Жамбыл атындағы орта мектепте ата-аналар жиналысы өтті. Кездесуге аудандық орталық аурухананың психологы Салтанат Айнекова және полиция лейтенанты Қ. Мұнатбек арнайы қатысты. Жиналысқа  ауыл тұрғындарының 40-тан астамы  келді. Жиынға қатысқан мамандар оқушылар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, оның қыз баланың денсаулығына зияны жайлы  ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

- Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірі үшін ата-ананың жауапкершілігін арттыру қажет, - дейді С. Айнекова.

Кездесу соңында тұрғындар өздерінің ойларындағы сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

 Айта кетсек, Көксу аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері мұндай жиындарды аудандағы әр ауылда ұйымдастыруды  жоспарлап отыр